Қара қаз - Қазен Әбуғазы ⁨@esenmediakz⁩

3 months ago
2

Қара қаз - Қазен Әбуғазы ⁨@esenmediakz⁩

Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы - жетіген
Жетіген – көп ішекті ұлттық музыкалық аспап. Алайда бұл аспаптың атауына қатысты жарыспалы пікірлер бар. Ғалымдардың бір парасы аспапты "ятагаң", "етиген", "етиге", "джатыған" деп атайды. Қазақ халқының аспапты "жетіген" деп атауы музыкалық аспаптың жеті ішегі болуына байланысты.

Ұлттық аспап түрлері
Қазақтың ұлттық аспаптары дыбыс ерекшелігіне қарай ішекті-шертпелі, үрмелі, ұрмалы деп бөлінеді.

Ішекті-шертпелі аспаптар – домбыра, жетіген, шертер, қылқобыз;
Үрмелі аспаптар – қамысты қос сырнай, саз сырнай, үскірік, тастауық, керней, сыбызғы;
Ұрмалы аспаптар – кепшік, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау.

Жетігеннің пайда болуы жайлы аңызда "ерте заманда жұт салдарынан қайтыс болған жеті баласының құрметіне қу ағашты ойып, сорлы әке әр баласына арнап бір-бір ішек тағып, күй шығарып, балаларын жоқтаған екен. Ұлдары Қанияға - "Қарағым", Торалымға - "Қанат сынар", Жайкелдіге - "Құмарым", Бекенге "От сөнер", Хауасқа "Бақыт көшті", Жүлзаға "Күн тұтылды" күйлерін арнаған. Соңғы баласы Қияс қайтқанда "Ақырғы" күйін тартқан екен. Осы күйлер "Жетігеннің жетеуі" деген атпен ел арасында таралған" делінген.

"Жетіген" атауына қатысты ақын Серік Қалиевтің "Жетіген туралы аңыз" өлеңі бар.
Жетігеннің жеті ішегін мұң алған,
Аты оның жеті әннен құралған.
Жеті ұлынан айырылған қария,
Қайғы жұтып, жеті күйді шығарған.
Бірінші ішек "Қарағым" қарманған,
"Қанат сынар" екінші ішек арман-ән.
Үшінші ішек "Құмарым" деп күйініп,
"От сөнер" деп төртінші ішек зарлаған.
"Бақыт көшті" – бесінші ішек жас толған,
Алтыншы ішек "Күн тұтылды" аспаннан.
Жетіншісін таққан кезде жетеуден,
Айырылыдым деп құса боп күй басталған.
Аңыз бізге тарих сырын шертеді,
Шындық жырын уақыт бірге ертеді.
Халқымыздың ұмытпасақ өткенін,
Туған елдің жарқын болмақ ертеңі.
Аңыз екен бізге жеткен бүгінде,
Әр аңыздың шындық жатыр түбінде.
Халқымыздың қазыналы тарихын,
Біз ұмытпай міндеттіміз білуге.
Жеті ішекпен жеті күйді тыңдатқан,
Тарихында тағылымды сыр жатқан.
Аңыз қайта санамызда жаңғырып,
Ұрпағына ғасырлардан тіл қатқан.
"Жетіген" деген атау "жеті" және "ән" деген екі сөзден құралған деген де пікір бар.

🔔 Арнаға тіркеліп, қолдау көрсетіңіз! Сіздердің пікірлеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды.
👍 Ұнаса, лайк басып, достарыңызбен бөлісіңіз!

#жетіген #jetigen #қазақаспаптары #ұлттықаспаптар #қазақмузыкасы #қазақмәдениеті #kazakhmusic #kazakhinstrument #kazakhculture #ethnicmusic #traditionalmusic #folkmusic #kazakhheritage #kazakhnationalinstrument #қазақхалқынасыйын #жетігенүйрену #жетігенсабағы #jetigentutorial #jetigenlesson #howtoplayjetigen #jetigencover #jetigenperformance #jetigensolo #jetigenlive #қазақхалқыныңаспаптары #жетігендәстүрі #музыкатарихы #ұлттықмузыка #домбыра #қобыз #музыкалықмұра #esenmediakz #esenmedia

Loading 1 comment...