Premium Only Content

ЗАМАН ХӘЛІ - ӘБУБӘКІР (КЕРДЕРІ) БОРАНҚҰЛҰЛЫ
ЗАМАН ХӘЛІ - ӘБУБӘКІР (КЕРДЕРІ) БОРАНҚҰЛҰЛЫ
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы (1861-1903), ақын. Зираты Жабасай қорымында. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан[1], ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді. Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып[2], кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. Әуезов «Әбубәкір өмірі мен шығармалары» жөнінде зерттеу-мақала жазған. Ол зерттеуі М. Жолдыбайұлымен және Ә. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құрамы» деген кітапта жарияланған.
ЖЫР-ТЕРМЕЛЕР ЖИНАҒЫ: https://www.youtube.com/playlist?list=PLaSOcbsg81rYeMOLrT24NtJ9aRJgmvi4d
#esenmediakz #жыр #жырлар #терме #термелер #толғау #толғаулар #домбыра #dombyra #dombra #сүгір #сугир
-
LIVE
Spartan
1 hour agoExpedition 33, Halo Later on (Maybe)
80 watching -
LIVE
Meisters of Madness
1 hour agoFinals and Wuchang!
87 watching -
LIVE
Lofi Girl
2 years agoSynthwave Radio 🌌 - beats to chill/game to
262 watching -
LIVE
BBQPenguin_
2 hours agoTasking & PVP
44 watching -
LIVE
FrizzleMcDizzle
3 hours agoGladius, Creature of the Night - NEW NIGHTLORD - NightReign
53 watching -
8:31
MattMorseTV
1 day ago $1.61 earnedTexas just did the IMPOSSIBLE.
70.3K92 -
5:02:13
Rotella Games
19 hours agoGreen Hell Day 6 | We Have a LONG Way to Go
20.2K4 -
41:26
The Mel K Show
6 hours agoMel K & Clay Clark | Financial Success Hides Behind Self Discipline: Five Pillars | 8-24-25
40.4K4 -
LIVE
The Rabble Wrangler
14 hours agoThe Best in the West Plays Battlefield 2042 | Road to BF6 Grind
37 watching -
2:29:17
JTtheSG
3 hours agoLIVE Replay - Back To The Deadzone!!!
22.2K