Түрмеден қашқан - Құрманғазы Сағырбайұлы

25 days ago
1

Түрмеден қашқан - Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бір күні қысқы серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тіл тигізгені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақша судай білетін болады. Бірде, түрме қарақшыларының бірі Лавочкинге оның шешесі келгенін хабарлайды. Ол түрме бастықтары ұлықсат еткен бөлмеге барып, шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын надзирательдің көзінше баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен білдіреді. Шешесі қоштасып кеткесін, Лавочкин тамақтарды камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндайды. Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздеріне іштартып жүрген (Құрманғазыға домбыра әкеліп берген) надзирательге білдіреді. Ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді.
«Сайдың бойына келіп кісенімді алып отырғанымда, жараның аузы ашылып, түні бойы ауырып ұйқы бермеді. Жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол бір сәтте осы күй басыма келіп еді», - дейді Құрманғазы.

Құрманғазы Сағырбайұлы шығармалар тізімі: https://youtube.com/playlist?list=PLaSOcbsg81rYhrBM6zXzmC2G5yIi-petA&si=hWJUNf9r_0xRqB9y

#esenmediakz #күйорман #күйші #күй #домбыра #домбырадастан #құрманғазы #курмангазы #dombyra #dombra

Loading comments...