ЕРКЕ СЫЛҚЫМ - Әбдімомын Желдібаев

4 months ago
1

ЕРКЕ СЫЛҚЫМ - Әбдімомын Желдібаев

Ерке сылқым күйі - күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі. Күйдің шығу тарихи жөнінде күйші Түркістан газетіне берген сұхбатында былай дейді: "Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн тағдыр бiздi бiр-бiрiмiзге қоспады. Соңғы рет кездескенде мен: “Бәрiбiр менiң саған деген махаббатымды ешкiм де өшiре алмайды” – деген едiм. Жас ұлғайып, шау тартты демесең ол ауылда аман-есен жүр. Көңiл шiркiн қартаймайды екен. Сол махаббатым қыз кезiнде қандай едi! “Толған айға” теңесем де, “ашылған гүлге” теңесем де сөзбен айтып жеткiзе алмайтын секiлдi болып, сенделiп ұзақ жүрдiм. Ақыры оны тек күйдiң жүрек қылын шертетiн әуенiмен ғана жеткiзуге болатынын сездiм. Сол сезiм жанымды жаулап алды. “Ерке сылқымның” әуенiн тапқанша 20 жыл уақытым кеттi. Қазақтың қыздары қандай әдемi. Жүрiсi, тұрысы, қылықтары қандай! Еркелiктерi де өздерiне жарасады. Бұл күй барша қазақ қыздары образдарының жиынтығы. Мен соларды жеткiзуге тырыстым. Әрi жiгiттiк сөзiмде тұрдым. Ендi оны ешкiм де өшiре алмайды. Егер махаббатыма деген сезiмiм жалған болса, қазақтың қыздарын өзгелерден артық көрмесем мұндай күй тумас та, елдiң игiлiгiне айналмас та едi"

Домбыра күйлер жинағы: https://www.youtube.com/playlist?list=PLaSOcbsg81rZFyBW1hrgtaO6mszqk7L79

#esenmediakz nmediakz #домбыра #rek #куй #күй #қазақстан

Loading comments...