Premium Only Content
Маната - Құрманғазы Сағырбайұлы
Маната - Құрманғазы Сағырбайұлы
Бөкей хандығындағы Шыман деген төренің ұлы Жанша бір тойда кедей күйшінің өзінен басым түскеніне ызасы келіп, Құрманғазының «қарасын батыруға» серт байлайды. Ұры деген қағаз жасатып, Орданың түрмесіне қаматады. Бірақ Құрманғазы онда көп жатпай қашып кетеді. Жайықтан өтіп, Бөкей хандығының жерін артқа тастаған Құрманғазы күндердің күнінде Үстіртке келеді. Оның жоғарына көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе жатқан керуеннен асудың сырын сұрап, әңгімеге біраз қанығады. Ақсұр аттың айыл-тартпасын қаттырақ тартып, өмілдірік, құйысқанын мықтап алып, «Қара түйе Манатаның» шыңына көтеріледі. Бұл шың туралы ел аузында небір қызықты аңыздар барын бұрыннан да білетін. Енді міне ертегідей болып естілген асуды өз көзімен көріп, өз аяғымен басып келеді. «Қара түйе Манатаның» жоғары қарасаң, бөркің түсетін, төмен қарасаң, басың айналатын құрдым құздарын басып өтіп, Үстірттің текше тегіс үстіне шығады. Ақсұр аттың айыл-тартпасын босатып, аз уақыт желге қаратып қаңтарып қойып, шылбырынан ұстап отырып, біраз ойға кетеді. Бұл шыңның басына шықса да, төмен түссе де аман-есен өткендіктеріне мал сойып, садақа беріп жататын керуеннің ісін жасайтын қауқары жоқтығын есіне алады. Дегенмен бұл да бір ел аузында бар жер екен деп асудың асқарларын домбыра үнімен жаңғырта «Маната» деп күй шығарады. Сөйтіп, Үстіртке асатын асу – «Қара түйе Манатаның» басын жылдар бойы садақаға шалған мал етінің иісі мен жер ошақтың түтіні ғана шалса, ол құздарды Құрманғазының қолынан күйдің сиқырлы үндері шалып өтіп, шың-шыңды қуалап кетті.
«Маната» - көркем күйлердің бірі. Мұнда Құрманғазы жаратылыстың сырт түрін беремін деп әуреленбеген болу керек. Күй басынан бастап-ақ психологиялық жаққа бейімделе береді, адамның жан дүниесін аралайды. Бірінші рет өзінің туып-өскен жерінен кетіп, Жайықтан өтіп, Үстірт сияқты жер шоқтығына көтеріліп отырғанын жай жиһанкездік деп ұқпай, осы бір асумен өмірдің жаңа бір белесіне қадам басқандай жан жағдайында болған күйші – бұл шығармасында моральдық «өрге» тырбанып шығып бара жатқандай қиял теңізіне жүзіп берген сияқты. Ен далада, қасында ақсұр аттан басқа серігі жоқ күйші, домбыраның екі ішегі арқылы, арқауға осы баяндалған оқиғаны ала отырып «өз қабырғасымен өзі кеңескен» сияқты. Күйдің жарқын бейнесі, күңгей әуені Құрманғазыға тән күшті күйшілік шығармашылық бағытта жаңа қадам жасауға айналғанын көрсетеді, жаңа бір ізденулердің барлығын сипаттайды.
-
1:15:00
Awaken With JP
14 hours agoMerry Christmas NOT Happy Holidays! Special - LIES Ep 71
209K149 -
1:42:21
The Quartering
15 hours agoTrump To INVADE Mexico, Take Back Panama Canal Too! NYC Human Torch & Matt Gaetz Report Drops!
159K106 -
2:23:15
Nerdrotic
15 hours ago $12.47 earnedA Very Merry Christmas | FNT Square Up - Nerdrotic Nooner 453
116K11 -
1:14:05
Tucker Carlson
15 hours ago“I’ll Win With or Without You,” Teamsters Union President Reveals Kamala Harris’s Famous Last Words
212K368 -
1:58:31
The Dilley Show
15 hours ago $34.05 earnedTrump Conquering Western Hemisphere? w/Author Brenden Dilley 12/23/2024
163K49 -
1:09:59
Geeks + Gamers
16 hours agoSonic 3 DESTROYS Mufasa And Disney, Naughty Dog Actress SLAMS Gamers Over Intergalactic
111K21 -
51:59
The Dan Bongino Show
17 hours agoDemocrat Donor Admits The Scary Truth (Ep. 2393) - 12/23/2024
924K3.07K -
2:32:15
Matt Kohrs
1 day agoRumble CEO Chris Pavlovski Talks $775M Tether Partnership || The MK Show
139K36 -
28:23
Dave Portnoy
1 day agoDavey Day Trader Presented by Kraken - December 23, 2024
170K44 -
59:29
BonginoReport
18 hours agoTrump, Murder Plots, and the Christmas Miracle: Evita + Jack Posobiec (Ep.110) - 12/23/2024
173K151