Premium Only Content
Бозқаңғыр - Құрманғазы Сағырбайұлы
Бозқаңғыр - Құрманғазы Сағырбайұлы
Ел аузындағы жазылған деректерге сүйенсек, ХІХ ғасырдың орталарында түрмеден қашып шыққан ұлы күйші Құрманғазы Исатай-Махамбет көтерілісінен кейін патша үкіметінен қорқып, нағашысы Төремұрат батыр еліне, көз сұғы түсіп басына бұлт үйірілгенде «ел бар ері болса» деп, «кәрі нағашыларым жатырқамас» деп әрі атышулы Төремұратты ес тұтып асығып жеткен екен. Адай-Таз елі Құрманғазының нағашы жұрты болған. Батыр күйшіні сырттай білетін. Домбыраның үнімен жеткен сиқырлы әуен жан-жүйкесін босатып, шіркін-ай, Құрманғазыдай құдірет иесін көретін күн туар ма дейтін. Күйші тағдырдың жазуымен босағасына келіп ат басын тіреді. Батыр күйшіге құшағын ашып: «Бұл ел – сенің де елің. Күйші күңіренгенде күй шығарады деп естуші ем. Елдік пен ерліктің күйін төк қара домбыраның шанағынан. Төр де – сенікі! Мынау елдің ақ жүрегіндегі тілек те – сенікі», – дейді. Жаралы көңілінің жан жарасына ем тапқандай Құрманғазы шабыттың пырағына мініп Жем, Үстірт бойында «Адай», «Төремұрат», «Тас астау – тас дере», «Ақсақ киік», «Төремұраттың ақ арғымағы» атты атақты күйлерін шығарады. Күйші ел құрметіне бөленіп, ел күйшінің өнеріне сүйініп таң атады, кеш батады. Сол маңайдағы ел-жұрттың тағы бір тамсанып айтары – ақылына көркі сай Данай қыз екен. Бір тойға Данай бармақшы дегенді естіп, қыз ауылына Төремұрат батыр жанына Құрманғазыны ертіп арнайы келеді. Қыз Данай қос бұрымы жерге түскен, қиылған қас, ақша бет, ақмаңдайдың өзі екен. Қынама бел қамзолының өңіріндегі меруерттер сұлудың өзін ақ моншаққа ұқсатып жібергендей. Төремұрат батыр келді дегенде қыз Данайдың жүрегі аттай тулап, екі беті албырап, езуіндегі жымиысын жасыра алмай отырып қалды. Төремұрат пен Құрманғазыға қыз жанынан орын тиеді. Ән-жыр айтып, күй тартып дастарқандағы әдемі отырыс қыза бергенде, Төремұрат қыз Данайға көзінің қиығымен бір қарады. Қарады да көзін ала алмай қалды. Онысын байқап қалған қыз: «Батыр көзіңіз қисайып кетпесін», – деп күлімсірей сыбыр етті. Бұл сөз Төремұраттың намысына тиіп кетті. Жүзі күреңітіп үн-түнсіз отырды да, қыз Данайға бұрылып: «Сол иығыма құс еркесі – аққудың өзі келіп жайғасқандай», – деп еді. Қыз Данай: «Сол аққуыңыздың ұшатын уақыты да таяу», – деді. Мұнысы: басым бос емес, айттырулы жерім бар дегені болатын. Төремұрат: «Сол аққу құс өз қалауымен өзі ұша ала ма?» – дегенде, қыз Данай: «Сыңарын тапқан аққу құсқа шынжыр бөгет бола алмас», – деп жауап берді. Төремұрат: «Онда аққу құстың орманына өз орманымды матап байладым» – дегенде, қыз Данай: «Аққулар ажырамас болар?» – деді. Сөз бітті. Той тарқады. Төремұрат батыр қыз Данайды атына мінгестіріп алып, еліне жүріп кетті. Ел аузындағы қыз Данай десе, дегендей еді. Сиқырлы сазға толы әсем ырғақты күйлер құлаққа сіңісті, жүрекке қонымды болып ел арасына тез тарап кетті. Намысы күйген, келіні қолды болған жақ қарулы қолмен өре түрегелгенімен ел ақсақалдары басу айтып араға елші жіберді. Төремұрат бізді басынбасын, келінімізді қайтарсын десті. Батыр бұған жауап жоқ деді. Ақыры шарасы таусылған жауласушы жақ бір әдіс ойлап тапты. Елде айтқаны қате кетпейтін қарғысшыл қара кемпір бар еді. Күнкөрісі – қарғау. Сонысына қарай ақы алады. Қарғысы жасырын емес. Ашық түрде. Сол кемпір келді ауылға. «Ей, Төремұрат! Қайтейін. Батыр десе батырсың. Ел адамысың. Қарғайын десем жалғызымсың. Қарғамайын десем жалмауызымсың. Қарғауға алған ақым бар. Қарғамай тұрғанда қыз Данайды кері қайтар. Жөнге кел», – деді. «Қарғыстан қорқып қайтарар қатыным жоқ! Жөнел!» – деді Төремұрат батыр кемпірді оқты көзімен атып. Қарғысшы: «Ей, Төремұрат! Жетінші күннің батуына жетпей желкең қиылсын!» – деп ақыра бір айғайлады да жөніне кетеді. Көңіл-күйі көтеріңкі Төремұрат батыр Жем бойындағы Қамыскөлге асығулы еді. Сонда қыз Данайды келін ғып түсіріп, ұлан-асыр той жасамақ. Құрманғазы бастаған бір топ серіктері болашақ той жабдығымен елге хабар бермекке ілгері озып кеткен. Қарғысшы діттеген жетінші күннің бозамықтанып таңы да атты. Бұл қалай дерің бар ма, Төремұрат батырдың көшіне Маңғыстаудың ойынан Қоңырат асатын ұзын жолда Хиуаның жолтосар қарақшылары тұтқиылдан тап берді. Жасанған жауға аз қол төтеп бере алмай қалды. Соңғы деміне дейін шайқасып, жастығын алып шәйіт болған Төремұрат батыр бақилық болып, айдай сұлу қыз Данай жау қанжығасында олжа болып кете барады. Сол түні бұл хабар қазақтарға жетеді. Соңынан қуып, жаудың ту-талақайын шығарып, Төремұратты Күйкен тауы маңындағы «Қырымның қырық батыры» делінетін Манашының анасы Күйкен ананың моласының қасына жерлеп, қыз Данайды айттырулы жеріне қайтарады. Сырты бүтін, іші түтін қыз Данай сұлу балалы болғаннан кейін құсадан қайтыс болады. Төремұраттай арысынан айрылған ел қайғы жұтып, батырды күңірене жоқтайды. Әсіресе, Құрманғазы асыл досынан айрылғанына сене алмай, алай-дүлей өкінішті сезімнің тереңіне бір батып, бір шығып жүріп, «Қыз Данайдың қырғыны» атты күйін шығарады. Жүректегі запыраны «Бозқаңғыр» атты күй болып тағы елге жетеді. Құрманғазы қара шанақты бебеулеткенде тыңдаған жанның жанарындағы жас мөлтілдеп жерге тамады.
ESEN MEDIA
-
1:58:10
Robert Gouveia
23 hours agoMatt Gaetz REJECTS Report, Sues Committee; Luigi Fan Club Arrives; Biden Commutes; Festivus Waste
252K201 -
1:31:40
Adam Does Movies
23 hours agoThe Best & Worst Christmas Movies! - LIVE!
77.9K8 -
58:10
Kimberly Guilfoyle
1 day agoAmerica is Back & The Future is Bright: A Year in Review | Ep. 183
174K70 -
3:03:27
vivafrei
1 day agoEp. 242: Barnes is BACK AGAIN! Trump, Fani, J6, RFK, Chip Roy, USS Liberty AND MORE! Viva & Barnes
249K245 -
2:05:48
2 MIKES LIVE
6 hours agoTHE MIKE SCHWARTZ SHOW with DR. MICHAEL J SCHWARTZ 12-24-2024
26.7K3 -
1:14:17
MTNTOUGH Fitness Lab
1 day agoNavy SEAL Dom Raso: The Cold, Hard Truth About Modern Brotherhood | MTNPOD #96
21.1K4 -
43:42
Dad Dojo Podcast
22 hours agoEP14: Every Girl Dad's Biggest Fear and How To Prevent It
14.4K -
55:06
Bek Lover Podcast
15 hours agoWill Trump Pull Off A Miracle? Other Strange News Podcast...
12.3K17 -
55:53
PMG
1 day ago $0.01 earned"Hannah Faulkner and Courtney Reed | BEHIND THE LENS OF A TRUMP PHOTOGRAPHER"
10.2K -
8:09:50
Dr Disrespect
1 day ago🔴LIVE - DR DISRESPECT - MARVEL RIVALS - GOLD VANGUARD
230K38