UZATU 2 | ESEN MEDIA

1 year ago
1

Ұзатылар қызға тілек - 2 нұсқа | ESEN MEDIA

Көп тілекті көксейді ғой көкейім,
Жарықтарым садағаң боп кетейін.
«Қыз — жат жұрттық» деген екен бабамыз,
Ет жүрегім елжірейді, не дейін?

Өмір жолы түзу емес, бұралаң,
Талайларды талқыға сап сынаған.
Қарлығаштай қанатымен су сепкен,
Бір біріңе қамқор бол деп сұранам.

Ұл—ата ізін, қыз — басады ана ізін,
Үлкенді сыйлау, екеуіңнің парызың.
Туған - туыс, ата-анаңды қадірлеп,
Аяулысы бола білгін жарыңның.

Бәйтерегім ең жайқалсын жасыл бағың,
Өрісің кеңіп, ырысың тассын, өренім.
Шаңырағың шалқып, өзгеге жүрсең улгі боп,
Марқайып біз, бағымыз жанды дер едім.

Ертеңіңді ойлап, елжіреп жүрек толқыдым,
Күйеуі тірек, жан жары болар, көркі уйдің.
Қия өтпей, қызым бабаңның салтын сақтағың,
Керегесі алтын, келіні жақсы уйдің.

#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа
ESEN MEDIA

Loading comments...