Premium Only Content

KASHAGAN'S TOIBASTAR
ҚАШАҒАННЫҢ ТОЙБАСТАРЫ | ТЕРМЕ
Орындаған: Елдос Еміл
Жиналып, халқым, құралсаң,
Сөйле деп бізге ұйғарсаң,
Бұл тойдың көркін айтайын:
Той болады дегеннен
Халыққа хабар таратқан.
Ат жүйрігін жаратқан,
Әшекейлеп, жасантып,
Отау тігіп, от жаққан,
Байрақты тігіп, ат шапқан.
Жыршысы болса – жырлатып,
Аламан басын құрлатып,
Жақсыларға тыңдатқан,
Тартысы болса – тартысып,
Айтысы болса – айтысып,
Бұ да тәуір болады
Қыз-жігітке түн қатқан.
Жиналған топтың кұралы,
Жыршыдан өнер сұрадың.
Сұрағандарың сөз болса,
Қалағандарың біз болса,
Қандырайын көптің құмарын.
Шын шабытым келгенде,
Ағыным тасты аударған.
Мен бір қайнарлы өзен, бұлағың.
Той – адамның қазынасы,
Жұптанып неке қиылған,
Ақ бұйрығы деген бар.
Құлақ қойсаңдар келіске,
Адам Ата жұптанып,
Хауа Ананы алғанда,
Исраил, Микаил –
Некесін қиған екен екі періште.
Айтамын хабар қиырдан,
Ешкімнен қорқып тыйылман.
Расулы пайғамбар
Хадишаны алғанда,
Ақ некесін қисын деп
Жәбірейілге Алла бұйырған,
Сол себептен неке қиылған.
Қыз бала, сізге айтайын,
Жұрт жинап, қызық той еткен.
Атымтай Жомарт салған жол,
Бақыт пен дәулет қонған жол.
Арғымақ аттай әнденген,
Сөйлесе, сөзің пәмденген,
Тоты құстай таранып,
Бойыңды түзеп сәнденген,
Өтейін деп отырсың
Балдырлы Балқаш көлдерден.
Абайласаң, айып жоқ
Алланың бұйрық ісінде.
Ренжіген бұйрыққа
Мақтаман надан кісіңді.
Риза бол анаңа,
Мехнат етіп сақтаған
Тоғыз ай, он күн ішінде.
Дүниеге сені шығарды,
Перзентті болды, қуанды.
Періште көңіл пәктікпен
Ақ сүтін сорып, жұбандың.
Талай бөлдің ұйқысын,
Бесікте жылап мазалап.
Мәпелеп сені өсірді,
Тәрбиелеп, тазалап.
Және көңілі шат болды
Көтеріп алып сүйгенге,
Апыл-тапыл алдында
Аяқ басып жүргенге.
Шақырып еді балым деп,
Сүйіп еді жаным деп,
Жылы шырай күлгенде.
Бұл күндері болғанда,
Дүнияша қызық деп,
Күйеуіңді күтіп, құрметтеп,
Кұрметтеу міндет деп,
Саламат, есен-сау күнде
Аман қосып жұбыңа,
Жеткізді сені мұратқа.
Жылай көрме, жарқыным,
Кетемін деп жыраққа.
Бақыт берсе басыңа,
Ел-жұртың болса қасыңда,
Айналарсың айтулы
Шалқыған шалқар бұлаққа.
Риза бол, жарқыным,
Жырым еді сақтаған,
Арқасы құрғыр қозғанда
Жауар бұлттай қаптаған.
Ойқастап барып тоқтайын,
Қатты кетсем, қайырылмас
Мен – басы қатты ақтабан.
#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа
-
4:22:11
Alex Zedra
8 hours agoLIVE! New Game | The Escape: Together
52.6K7 -
6:21:08
Odd Man Out
9 hours agoLet's play the overlooked absolute GEM of a game, Saint's Row IV
62.1K3 -
8:00:07
SpartakusLIVE
11 hours agoDuos w/ Woes || Friday Night HYPE
36.8K1 -
8:05:10
CHiLi XDD
9 hours agoPart 2 F Em UP Friday!
41.5K3 -
5:14:28
FreshandFit
8 hours agoCall-In Show
64.8K22 -
3:00:07
JustPearlyThings
9 hours agoWhy Do Modern Women Think Disrespecting Their Husbands Publicly Is Funny? Call-In Show | Pearl Daily
71.5K25 -
1:35:17
Badlands Media
1 day agoEye of the Storm Ep. 241
87.6K34 -
2:05:58
TimcastIRL
9 hours agoTrump Just REVOKED Legal Status Of 530,000 Migrants, Deportations NOW w/ Alex Stein | Timcast IRL
191K286 -
3:39:01
I_Came_With_Fire_Podcast
13 hours agoCHINA MILITARY PURGE | TESLA OWNERS DOXXED | NGAD F-47
43.2K15 -
5:44:43
Shield_PR_Gaming
14 hours agoSome Gray Zone Warfare with Followers & more games!
65K3