COMMUNITY IS A TOOL

1 year ago
2

ƏЛЕУМЕТ КЕЛДІҢ ҚҰРАЛА - Сәттіғұл Жанғабылұлы
Орындаған: Амандық Көмекұлы

Əлеумет келдің құрала
Сұлулар келдің бұрала
Айт дегенде іркіліп
Қалғаным жоқ сірəда
Халқыма даңқым білінді
Сонда да мүйіз шыға ма
Қатар жүрген құрбылар
Айт дегенде іркпейінай
Бұл жастық баста тұрама
Алдына қара салмаған
Құрсаған қара бұлтпын
Шықтаған жерім жаураған
Қайнарлы көзді бұлақпын
Ортаймаған қауғадан
Жас кезде жырлап қалайын
Мұндай қызық аз болар
Кəрілік келсе қаураған
Дүние деген керуен
Неше байлар өткен жоқ
Дүние малын айдаған
Не батырлар өтпеді
Шарыққа болат қайраған
Не жақсылар өтпеді
Қара басын бір өзі
Жүз кісіге тайлаған
Не сұлулар өтпеді
Ажары артық айнадан
Не қаріп пен қасір өткен жоқ
Рахат көрмей дүниеден
Қаса соры қайнаған
Не тəкаппар шалпы өтпеді
Тілі де өткір найзадан
Не құрбылар өтулі
Əзілде айтып жарасып
Қиылып қасы жайнаған
Əркімге нұсқа сөз айттым
Шығарып жауап майдадан
Несіне жігіт жігіттің
Түскенде күні ортаға
Өнерін топқа жаймаған
Мен мысалы жорғамын
Ауыздығын шайнаған
Алқаға түстім жорғалап
Домбыра тарттым бұлғалап
Өлең айттым сорғалап
Басым түссе құрмағай
Отырамын құрғарап
Қатарда жүрген жақсының
Ақ дидарын көргенде
Ашылар көңілің бір қарап
Жөн білмейтін жаманға
Айтайын десең бір сөзді
Бата алмайсың қорғалап
Кəрілік келсе бір күні
Жастағы дəурен күнің жоқ
Ауру болсаң қасталы
Саудадағыдай сының жоқ
Ажалда келсе бір күні
Дүние өтпей тұру жоқ
Өсек ерсе сыртыңнан
Бейкүнə күйдің зарарға
Айырласың досыңнан
Арапшы болса араңда
Жəрдем сұрап жаманнан
Иегіңді айтып таянба
Азды көпті пікірмен
Өз жөніңе аяңда
Қара суға кетірер
Елігіп ерсең жаманға
Ниеті бұзық кей жаман
Бірді бірге итеріп
Жықсам дейді аранға
Епсініп көзді салады
Жуас пенен баяуға
Малдының көзі түспейді
Жарлы менен жаяуға
Қирусыз жерге қосады
Жүрмесең алда озалда
Көңілге келген жел сөзді
Айтайын түссе жадыма
Асылда туған жүйріктің
Кім ілесер шаңына
Келген күн күй бабыма
Шабытым келсе шабатын
Шыдармын талай таңына
Алқалы жердің тұсында
Бір көрген аға ініге
Көріндім ыстық табыла
Сіздерден аяп неғылам
Өнерді тұрған табыла
Көңілің əсте қалмайды
Жақсыға айтсаң базына
Жақсының тиер мархамы
Нығыздай салып толтырған
Мен өлеңнің шантағы
Мереке еттім базарлап
Аралап талай алқаны
Бір бұл емес жыршының
Ортасында алаштың
Талай салған айқайым
Жиналған күні бастарың
Ағызып өлең бастайын
Өлең деген дария
Қауғалап қалай тартайын
Жүйрігі жұрттың болған соң
Несіне бойды тартайын
Жолдас қылған ешкім жоқ
Бұл жастықты байқайын.

#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа

Loading comments...