Premium Only Content

ABAI - WORDS OF EDIFICATION №22
ABAI - WORDS OF EDIFICATION №22
Абай Құнанбаевтың жиырма екінші қара сөзі
Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр.
Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к...не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр.
Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ.
Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ.
Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті.
Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар.
Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес.
Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.
-
LIVE
Lofi Girl
2 years agoSynthwave Radio 🌌 - beats to chill/game to
1,243 watching -
15:34
JohnADouglas
7 hours ago $0.40 earnedYOUTUBE NUKED MY CHANNEL!
5.63K5 -
10:20
Nate The Lawyer
12 hours ago $2.71 earnedHow 30+ Witnesses Are Helping the Feds Nail Diddy for RICO | Lawyer Explains
17.3K2 -
1:33:17
megimu32
10 hours agoON THE SUBJECT: If You Could Delete One Icon From Pop Culture Forever… 👀
24.1K16 -
59:41
BitcoinBros
13 hours ago $4.50 earned$MSTR Time To Buy The DIP! $MTPLF $ALTBG News - Bitcoin Bro’s Live Episode 5
19.8K2 -
LIVE
Classical Music to Relax
12 days ago $4.25 earnedAcoustic Guitar
351 watching -
37:54
The Dawgs - A Cleveland Browns Podcast
13 hours ago $2.17 earnedStill No First Team Reps for Shedeur + Wide Receiver Options
21.7K4 -
1:14:05
robinseyr
1 day ago $7.54 earnedAre You Ignoring Bitcoin? Why Every Business Must Go ALL-IN Today!
22.1K4 -
12:26
Cooking with Gruel
2 days agoPotato Chip Crusted Halibut
24.4K5 -
1:35:15
The Sage Steele Show
9 days agoDanica Patrick | The Sage Steele Show
25.8K5