ABAI - KESHE BALA EN (Yesterday the child was the most)

1 year ago
2

Абай Құнанбайұлы - Кеше бала ең...

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа,
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа.

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек,
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Адамзат бүгін - адам, ертең - топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ,
Ертең өзің қайдасың, білемісің
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.

Бұл өмір қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атпен,
Арттағы сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.

Сағаттың шықылығы емес ермек,
Һәмиша өмір өтпек ол білдірмек,
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Music: Ordinary Days MARTH

Loading comments...