Premium Only Content

POETRY OF MANGYSTAU | TOLGAU
МАҢҒЫСТАУДЫҢ АҚЫН ЖЫРАУЛАРЫ | ТОЛҒАУ | МҰРАТ ӨСКІНБАЙ
МҰРАТ ӨСКІНБАЙ
Маңғыстаудың атақты күйшілерінің бірі Мұрат Өскінбай 1904 жылы Қарақия дөңінде дүниеге келді. Оның әкесі Өскінбай күйші, жыршы, Маңғыстаудың "жеті қайқысының" бірі. Жаңайдың — Әлі — Байт тармағынан.
7 жасынан әкесі Өскенбайдан домбыра тартуды үйренген. Белгілі күйшілер Есбай, Абыл, Сәулебай, Тазбаланың күйлерін жетік меңгерген. 1954 – 1960 жылдары Қазақ мемлекеттік филормониясында домбырашы болды. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігіне қатысты. 1960 – 1965 жылдары Қазақконцертте домбырашы-солист қызметін атқарды.
Мұратекеңнің репертуарына түрлі тақырыпта 300-ге жуық күй енген. Ол қазақ (Абыл, Есір, Құлшар, Құрманғазы күйлерін, т.б.), түрікмен Сахып Жамал,Есерлі, Кептер, Көрұғлы, Әуезім күйі, Ашыл баш, т.б.) күйлерімен қатар қарақалпақ, әзірбайжан, ноғай халықтарының музыкалық мұрасын меңгерген. Сондай-ақ көне түрік тайпаларының Алпыс тарау науайы атты күйлер топтамасынан: Қарт науайы, Бала науайы, Шәһр науайы, Тамшы науайы, Қақпалы науайы, Тел науайы аталатын үлгілерін, ежелгі халық саздарынан “ Ел айрылған” сияқты күйлерді шебер орындаған.
Мұраттың өз жанынан шығарған 30 шақты күйі бар. Ұзақ жылдар бойына ол Жамбыл атындағы Республикалық филормонияда солист-домбырашы болып қызмет істеген. Мұраттың күйлерін терең ой, азаматтық лиризм, адами көңіл-күй иірімдері даралайды. Оның орындау мәнері тыңдаушыларын шыншылдығымен тамсандырады. Мұрат Өскінбаевтың шығармашылығы қазақ музыка мәдениетінің жоғарғы сатысында.
Мұратекең Қашаған, Өскенбай, Аралбай, Елбай ақындардың толғауларын халық арасына таратты. Өскенбаев репертуарындағы күйлердің бірқатары күй табақтарына жазылған, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қорында сақтаулы. Мұраттың туған інісі Хамиттың да дауысы керемет әнші болған деседі. Бірақ ол Ұлы Отан соғысынан оралмаған.
Мұрат Өскінбайұлы 1982 жылы дүние салып, Жетібайдағы Қырғын қорымына жерленді. Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы 5 шағын аудандағы музыкалық филармонияға Мұраттың аты берілді.
-
LIVE
RaikenNight
4 hours ago $0.39 earnedExploring the Galaxy of No Mans Sky
213 watching -
LIVE
Spartan
6 hours agoRanked and Expedition 33 (NG+4 and all enemies Set to 10x health)
87 watching -
2:54:31
Jokeuhl Gaming and Chat
9 hours agoDARKTIDE - Warhammer 40k w/ Nubes and AoA
11.9K1 -
2:19:56
Nerdrotic
15 hours ago $1.07 earnedNerdrotic Nooner 513
46.2K2 -
BigTallRedneck
5 hours agoRANKED FINALS W OMEGA
16K1 -
LIVE
Eternal_Spartan
12 hours ago🟢 Eternal Spartan Plays Final Fantasy 7 Rebirth Ep. 3 | USMC Vet | Join the Best Chat on Rumble
67 watching -
1:39:52
megimu32
4 hours agoOTS: Ace Ventura & The Death of 90s Comedy
17K8 -
1:14:30
We Like Shooting
17 hours ago $1.13 earnedDouble Tap 426 (Gun Podcast)
13.4K2 -
4:32:32
Meisters of Madness
7 hours agoWuchang Returns with Madness & Ranked Finals
6.75K -
2:27:03
Illyes Jr Gaming
4 hours agoBlack Ops 6 Action Reppin @Mystivis
4.22K